

75
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ты тақуалы болу еді.
125
Сонымен қатар Оған жақын от-
ыратындар үмбетініңеңтақуалыларыеді.Оныңқасында
жүріп дәрежесі өскендер б і р - б і р і н е көмектесетін,
бір-бірін қорғайтындар еді.
Б. ЕРЕКШЕ СИПАТТАРЫ
1
.
Жігерлілігі мен батылдылығы
Аллаһ Тағала Құранда пайғамбарларын мақтарда,
олар жайлы «жігерлі, табанды пайғамбарлар» дейтін.
Пайғамбарлардың соңғысы Хазіреті Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы сипатқа толық
лайық еді. Он үш жылға созылған қиын-қыстау күндері
Оның шешімді байламы мен батылдығын жоя алмаған.
Меккенің көсем кісілері Оған қарсы қолданған
зұлымдықтары мен әділетсіздіктерінен еш нәтиже
шығара алмаған соң, Оған Араб елінің хандығын,
байлығын, ең әдемі әйелдерін ұсынып, бұл райынан
қайтуын өтінген еді. Олар бұл зымиян әрекеттерінің
әйтеуір бір пайда беретініне сенген еді. Негізінде
бұл уәделер ең мықты адамның өзін жібітіп, райынан
қайтара алатын еді. Бірақ Ол бұлардың барлығына
иілмей, жалған уәдеге қасарысып тұрып алған еді. Осын-
дай жағдайда көкесі Әбу Талиб Оны жақтамайтынын
сездірген кездегі көрсеткен байламы мен батылдығы
адамзат тарихында бұрын соңды болмаған өнеге-сабақ
болды.
«Көке, бір қолыма Айды, бір қолыма Күнді қондырса
125. Ахмед ибн Ханбәл, V, 158.