Previous Page  308 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 308 / 336 Next Page
Page Background

308

Cаңлақ cахабалар

ұялғаннан тілі күрмеліп сөйлей алмай қалады. Оның

сыңайын айтқызбай байқаған Пайғамбарымыз: “Сен

Фатиманы қалыңдыққа сұрауға келгендейсің ғой”,

– дегенде Әлидің “иә” деуге ғана шамасы келді.

Пайғамбарымыз одан мәхир

304

ретінде не бере алаты-

нын сұрағанда, ол өзінің ештеңесі жоқ екенін айтты.

Пайғамбарымыздың Әлиге берген бір сауыты бар бо-

латын. Соны сатып, мәхирін өтеуге келісті

305

.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) қызы Фатиманың

некесін өзі қиды. Хазірет Әли мен Фатиманы екі жағына

отырғызып, Ұлы Жаратушыға қол жайып:

“Аллаһым! Екеуінің некесін қасиетті ет. Олар-

дан өрбитін ұрпақтарды да мүбәрак ет! Аллаһым,

оларды шайтанның азғыруынан сақта”, – деп тілек

тілеп, “Ықылас” сүресі мен “Муауиззатәйн” сүрелерін

оқыды

306

.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дұғасының берекетімен

бір жылдан кейін хазірет Хасан, одан кейін Хусәйн

дүниеге келді. Пайғамбарымыз “Дүниеде иіскеп сүйген

қос райханым” деп екі немересін екі тізесіне отырғызып

ерекше еркелететін. Пайғамбарымыздың мүбәрак

ұрпақтары осы екі немересінен тарады.

Бірде Пайғамбарымыз үстіндегі шапанымен хазірет

Әли, Фатима, Хасан мен Хусәйннің үстін жауып тұрып:

“Аллаһым, міне мыналар Әһли Бәйтім

307

Сен олар-

ды өзіңнің разышылығың болмаған істерден қашық

304

Үйленетін кезде ері тарапынан қалыңдығына міндетті түрде

берілуге тиіс белгілі мөлшердегі ақша не алтын.

305

Табақат, 8:20.

306

Табақат, 8:21.

307

Пайғамбарымыз «Әһли бәйт» деп Хазірет Әли мен Фатима-

дан тараған ұрпақтарын айтқан.