304
Cаңлақ cахабалар
Хадис, фиқһ ілімдерін жақсы білумен қатар өлең
және әдебиет саласында да мықты майталман еді.
Әрі сахабалардың арасында сөзге шешендігімен де
ерекшеленді.
Пайғамбардың жұбайы болумен қатар шынайы
иман келтіруімен де кейінгі мұсылман әйелдері үлгі
аларлықтай мағыналы ғұмыр кешкен Айша (р.а.) ха-
лифа Муғауияның тұсында, хижраның елу сегізінші
жылының Рамазан айында бақилық өмірге көшті.
Оның өлімі мұсылмандардың қабырғасын
қайыстырды. Жаназасына қарақұрым халық көп жи-
налды. Жаназасын өзі секілді ең көп хадис риуаят еткен
хазірет Әбу Һурәйра шығарып, сүйегі өз өсиеті бойын-
ша, Бақи зиратына қойылды.