Previous Page  300 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 300 / 336 Next Page
Page Background

300

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған сүйіспеншілігін

“Хумәйра” деп лақаб ат қойып білдірген. Аллаһ елшісі

(с.а.с.) хазірет Айша туралы: “Дініңіздің жартысын осы

Хумәйрадан үйреніңіздер” деген

291

.

Мүминдердің анасы Айша (р.а.) Мәдина кезеңінде

болғаншайқастарға қатысып, Пайғамбарымыздың басқа

жұбайлары сияқты ол да жарақаттанғандардың жара-

сын таңып, азық-су тасумен болды. Пайғамбарымыз

қайда жүрсе де қасынан қалмады. Ұхұт шайқасында

қолына қару алып, жауға қылыш сермеп, ұрыс

салмақшы болғанда, Расулаллаһ (с.а.с.) оған рұқсат

бермей қояды.

Айша анамыз Пайғамбарымыздың жүрегіндегі

басқа әйелдерінен өзінің артықшылығын:

“Расулаллаһтың жұбайларының арасында менен

басқа оған қыздай тұрмысқа шыққан ешкім жоқ”;

“Расулаллаһтың әйелдерінің ішінде тек менің

қасымда уаһи келді”;

“Менен басқа ешқайсысының әкесі мен шешесі

екеуі бірдей һижрет еткен емес”;

“Аллаһ тағала менің пәк екенімді айтып, Құранда

аят түсірді”;

“Аллаһ расулы жан тәсілім етерде, оның мүбәрак

басы менің кеудемде сүйеулі еді”;

“Ол менің бөлмемде қайтыс болып, сол жер-

де жерленді”, - деу арқылы білдіріп, Аллаһқа шүкір

ететін

292

.

Пайғамбарымыз өте мейірімді, жанашыр,

кішіпейіл болатын. Айша анамыздың айтқанындай,

үй тірліктерінде жұбайларына көмектесетін, тіпті

291

ан-Нурул-халид, 2:409.

292

Табақат, 8:64.