Previous Page  301 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 301 / 336 Next Page
Page Background

301

Сахаба аналар

киімдерін де өзі жамайтын

293

. Әлдебір әйел Айша

анамыздан Пайғамбарымыздың үйде болған кездегі

жағдайы жайлы сұрағанда: “Ол да сендердің күйеулерің

сияқты кісі еді, бірақ адамдардың ішіндегі ең жұмсағы

әрі мейірімдісі, маңайындағыларға үнемі күлімсіреп

қарайтын”, – деген еді

294

.

Айша анамыз құлшылық пен тақуалыққа айрықша

мән беретін. Күндерінің көбісін ораза ұстап өткізетін.

Аз нәрсеге қанағат ететін. Қолындағы барын кедей-

кепшікке таратып беретін. Тіпті өз үйін сатып мұқтаж

адамдарға садақа еткен дейді.

Хазірет Айша жетім балаларды алып, тәрбиелеп

өсіріп, ер жеткенде ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды

өзіне парыз деп санайтын

295

.

Мүминдердің анасы Айша (р.а.) Аллаһ расулы-

мен (с.а.с.) бірге түнгі тәһәжжуд намаздарын үзбей

оқитын. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін де бұл

ғибадатын жалғастырды.

Айшаанамыздінжолындабарлықауыртпалықтарды

көтеруге өз еркімен көніп, бұл өткінші дүниенің

бақытынан гөрі бақилық өмірдің бақытын артық сана-

ды. Аллаһ расулының көрген қиындықтарын бөлісуге

шын пейілімен разы болды. Өмірдің ләззаттарынан

қағылдым-ау деп қабақ шытқан емес. Өйткені

мүминдердің басқа да аналары сияқты хазірет Айшаға

Аллаһ расулымен бірге болудан асқан бақыт жоқ еді.

Пайғамбарымыз бақиға аттанғаннан кейін Айша

анамызды барша мұсылман қауымы төбелеріне көтере

құрметтеп, білмегендерін одан келіп сұрайтын. Оның

293

Тирмизи, шамаиль, 57.

294

Табақат, 1:36.

295

Шаннауй, 66.