298
Айша Әбу Бәкірқызы
“Егер өз дәуірінің бүкіл ғалымдары мен
Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір
жерге топтаса, хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді”.
(Имам Зуһри)
Ислам тарихында Аллаһ расулының (с.а.с.) пәк,
сүйікті әйелі, “мүминдердің анасы” әрі Әбу Бәкір әс-
Сыддықтың қызы Айшаның маңызды орны бар.
Аса ақылды, мінез-құлқы көркем, пәктігін
тақуалықпен ұштастыра білген мүминдердің анасы –
Айша фиқһ, хадис, Құран тәпсирі ілімдерін де жетік
меңгерумен ерекшеленді.
Хазірет Айша өмірінде пұттарға табынбаған, асыл
текті, Меккенің беделді, ықпалды әрі білгір адамы Әбу
Бәкірдің отбасында дүниеге келді. Әкесі қараңғылық
дәуірінің өзінде бір құдайға сенген (тәухид) һаниф
дінін ұстанса, анасы Үмму Румман Пайғамбарымыздың
хақ дініне жүрегімен сенген алғашқы мұсылмандардың
бірі еді. Болмысынан ақылына көркі сай, болашақ
“мүминдердің анасы” Айша осындай тәрбиелі де иман-
ды отбасында тәрбиеленді.
Хадиша анамыз қайтыс болған “қаралы жылда”
Осман ибн Мазғұнның әйелі Хәула Пайғамбарымызға
келіп Айшамен некелесуін ұсынды. Пайғамбарымыз
оның ұсынысын қабылдап, оны бұл істе өзіне уәкіл етіп
тағайындады.
Хәула Айшаның әке-шешесіне бұл қуанышты ха-
барды жеткізгенде, олар қатты толқиды. Әбу Бәкірдің
жан дегенде жақын досы ендігі жерде онымен туысқан