Previous Page  293 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 293 / 336 Next Page
Page Background

293

Сахаба аналар

де аты мен заты дара, хаса сұлу Хадишаны талайы

айттырды. Бірақ текті Хадиша теңі кездеспегендіктен,

олардың ешқайсысын көңілі хош көрмеді.

Дәулетті Хадиша саудамен айналысып, жыл сай-

ын Шамға керуен жөнелтетін. Мұхаммед Мұстафаның

(с.а.с.) сенімді, тәрбиелі, ісіне адал жан екенін естіп

біліп, оған Шамға баратын сауда керуенін басқаруды

ұсынды. Аманатқа қиянат жасамайтын Мұхаммед –

Әмин (сенімді) (с.а.с.) бұл ұсынысты қабылдап, Шамға

аттанып кетті. Керуен үш ай жол жүріп, соңында Шамға

табан тіреді. Меккеден әкелінген заттар сатылып,

қажетті тауарлар алынды. Осылайша керуен қайтадан

Меккеге аттанды. Бұл жолғы керуен бұрынғыларға

қарағанда екі есе көп пайда түсірген еді. Осы керуен

сапарына хазірет Хадишаның қызметшісі Майсара да

қатысты. Майсара жол бойы Мұхаммедтің (с.а.с.) жай-

дары мінезді, байсалды, шыншыл, еңбекқор әрі тын-

дырымды жан екеніне куә болып, оралған бетте Ха-

диша анамызға оны аузынан суы құрып мақтап бітіре

алмады. Осы әңгімеден кейін Хадишаның жүрегінің

төрінен Адамзаттың ардақтысына (с.а.с.) деген сенім

мен сүйіспеншілік орын алды. Көп ұзамай текті Хади-

ша оған тұрмысқа шығу жөніндегі ұсынысын жасады

282

.

Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) Әбу Тәліпке жағдайды баян-

дады. Әбу Тәліп барып, Хуәйлидқызы Хадишаға құда

түсті. Екі жақ келісіп, Хадишаның үйінде той жасал-

ды. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) пен Хадиша анамыздың

некесі қиылды

283

. Бұл кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) 25

жаста, Хадиша анамыз (р.а.) 40 жаста болатын.

282

Ибн Исхақ, ас-Сира, 59.

283

Табақат, 8:9.