291
V БӨЛІМ
САХАБА АНАЛАР
Сахаба аналар
Ислам дінінің қанат жайып, кең таралуында ер са-
хабалар қалай қызмет етсе, жаужүрек ұрпақ тәрбиелеп,
Аллаһ пен Расулының (с.а.с.) жолында солардан
қалыспай шыбын жанын пида еткен әйел сахабалар да
болған. Олардың қатарында Жәннатпен сүйіншіленіп,
Құранда аттары аталып, Пайғамбарымыздың ілти-
патына ие болған, һижрет еткен, соғыстарға қатысып
ерлік көрсеткен, Аллаһ үшін шейіт болуды аңсаған,
қолынан келген жақсылықты аямай, қиындықтарға төзе
білген жанқияр сахабалар да бар.
Сахаба аналардың ең әуелгілері ретінде Пайғам-
барымыздың өмірін әрлеп, кейінгі ұрпаққа тамаша
үлгі-өнеге көрсеткен оның пәк жұбайлары келеді.
Олар – мүминдердің анасы, уахи көктен құйылып түсіп
жатқанда Пайғамбарымызға серік болған, Аллаһтың
әмірлерін, әсіресе, жанұяға байланысты ой-шұқырлы
мәселелерін бізге жеткізген мүбәрак жандар.
Ислам діні келген кезде алғаш иман келтірген
алғашқы адамның әйел екенін де ескерген жөн. Ол
бақытты әйел – мүминдердің анасы Хадиша (р.а.).
Тектілік жағынан хазірет Фатимаға тең келері жоқ
десек, өз дәуірінде ілімі жағынан кемел, діни қызметтері
мен Пайғамбарымыздың үйреткендерін тарату жолын-
да Айша анамыздың (р.а.) өзі бір төбелік танытады.