287
Ғалым сахабалар
және Абдуллаһ ибн Аббас секілді ғалым сахабалар да
одан Құран үйренушілердің арасында еді
277
.
Зекет жинау әмір етілген кезде Пайғамбарымыз
(с.а.с.) Үбәй ибн Ка‘бқа Бәну Хузәйм, Бәну Қудама,
Бәну Саид, Бәну Узрә тайпаларынан зекет жинау ісін
тапсырды. Ол өзіне жүктелген жауапты қызметті адал
атқарып шықты.
Үбәй ибн Ка‘б Құранды қалай терең білсе, Тәурат
пен Інжілді де солай өте жақсы білетін
278
.
Сахабалардың бәрінен Аллаһ разы болған. Алай-
да Құрандағы кейбір аяттарда сахабалардың аты
ашық аталмаса да, ол аяттар оқылғанда сахабалар
оның кім жайлы айтылғанын білетін. Мысалы: “Фәтх”
сүресіндегі:
“Мухаммадун Расулуллаһ уәл-ләзина
ма‘аһу
(Мұхаммед Аллаһтың елшісі және онымен бірге
болғандар)
”
аяты оқылғанда, сахабалар хазірет Әбу
Бәкірге қараса,
“Әшиддәу ‘алаль-куффар
(Кәпірлерге
қарсы өте қатал)
”
оқылғанда, Омарға,
“Рухама‘у
бәйнәһум
(өз араларында тым мейірімді)
,”
(“Фәтх”,
29 ) оқылғанда Османға қарайтын.
“Минәль-муминина
рижалун садақуу мә ’ахадуу
(Мүминдердің арасында
Аллаһқа деген уәделерін орындағандар)
”
(“Ахзаб”, 23)
аяты оқылғанда, сахабалар Әнәс ибн Нәдірдің шейіт
болуын елестететін. Бір ретінде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Үбәй ибн Кә‘бті шақырып:
– Аллаһ саған Құран оқуымды («Бәййнә» сүресін)
әмір етті, – дегенде, Үбәй ибнКә‘б сенерін де, сенбесінде
білмей:
– Аллаһ менің атымды атады ма? – деп таңырқай
сауал тастайды.
277
ибн Мажа, тижарат, 8.
278
Сахабилер ансиклопедиси, 2: 624.