284
Cаңлақ cахабалар
біздер үшін де әрдайым естен шығармай ұстану қажет
болған мына ұстанымдарды айтты:
“(Дінді үйреткенде) Қиындатпай, оңайлатыңдар.
Сүйдіріңдер, жеккөрінішті етіп көрсетпеңдер. Мас
қылатын нәрселердің бәрі – харам (арам); ішкілікке
тыйым салыңдар!”
271
.
Хазірет Әбу Мұса Йемендегі міндетін ойдағыдай
атқарғаннан кейін қоштасу қажылығына қатысты. Ар-
тынша Мәдинаға қоныс тепті.
Әбу Мұса әл-Әш‘ари көптеген жорықтарға
қатысып, қолбасшылық етті. Куфа мен Басра әкімінің
міндеттерін де атқарды. Ол әкім болып тұрған кездің
өзінде өте қарапайым тіршілігімен көпшіліктің жүрегін
жаулады
272
.
Оныңілімі,ойлылығы,тақуалығыменшыншылдығы
жұртқа мәлім болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
тұсында Зәбид пен Әдәнға әкім болып жіберілді.
Әділеттің үлгісі – Омар халифа болып тұрған
кезінде оны Басраға әкім етіп тағайындады.
Халифа Османның кезінде халықтың қалауымен
Куфаның әкімі болды.
Хазірет Әли мен Муғауия арасында туған
қақтығысты тоқтату үшін Әлидің тарапынан төреші
(орбитражный судья) болып шешілді. Алайда қанша
тырысқанмен қақтығысты бөгей алмады. Сол оқиғадан
кейін саясатты тастады.
Даусы өте әдемі еді. Құранды да керемет мақаммен
оқитын. Ол Құран оқығанда адамдар жадыланғандай
елтіп тыңдайтын
273
. Екі жаһан Сардары (с.а.с.) ол жай-
271
Бухари, жиһад, 164; магази, 60.
272
ибн Әсир, 111, 143.
273
Табақат, 7/1, 80.