Previous Page  286 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 286 / 336 Next Page
Page Background

286

Үбәй ибн Ка’б

“Мүмин төрт сипатынан белгілі: Басына түскен

қиындыққа сабыр сақтайды. Нығмет берілсе, шүкір

етеді. Тура сөйлейді. Үкім кескенде қара қылды қақ

жарар әділ болады”.

(Үбәй ибн Ка’б)

Үбәй ибн Ка‘б – қасиетті Құран кәрімнің

көркем оқылуы жолында көп қызмет атқарған әрі

Пайғамбарымызға түскен уахилерді хатқа түсіріп

отырған (уахи катибі) шамшырақ сахабалардың бірі.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол жайлы: “Құранды ең жақсы

оқитын кісі”

275

,– деген. Сондықтан да Үбәй ибн Кә‘б

“Құран оқитындардың мырзасы” және “ансарлардың

мырзасы” деген лақаппен де кең танылды. Хазірет Үбәй

ибн Кә‘б Құран кәрімді сегіз түнде хатым етіп бітіретін.

Пайғамбарымыздың тұсында Құранды бастан-аяқ жатқа

білген саусақпен санарлық сахабалар санатынан-ды

276

.

Екінші ақаба сертінен кейін мұсылман болып,

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қолын қысқан Үбәй ибн Кә‘б

Мәдинаға һижрет еткен кезде Жәннатпен сүйіншілінген

он сахабаның бірі Саид ибн Зәйдпен бауырластырылды.

Пайғамбарымыздың көзі тірісіндегі бүкіл шайқастарға

қатысты.

Құрандыжақсы білгендіктен Пайғамбарымыз Үбәй

Кә‘бты мұғалім етіп тағайындады. Пайғамбарымыздың

мешітінде сахабаларға Құран үйрететін. Әбу Һурәйра

275

Тирмизи, манақыб: 90.

276

Бухари, манақибуль-ансар, 17; Тирмизи, манақыб, 33.