Previous Page  282 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 282 / 336 Next Page
Page Background

282

Cаңлақ cахабалар

Зәйд ибн Сәбит хазірет Осман, Әли мен

Муғауияның халифалығының алғашқы бес жылында

мүфти қызметін атқарды. Омар секілді бұл халифа-

лар да фиқһ мәселелерінде Зәйд ибн Сәбиттің кеңесіне

жүгінетін. Фиқһтық мәселелерде беделділігі соншалық,

атақтыжеті фиқһ ғалымдарының бірі Сайд ибнМусәииб

басқалардан естігендерін Зәйд ибн Сәбиттің өз аузынан

естімейінше қабылдамайтын.

Бүкіл ғұмырында Исламға қызмет еткен хазірет

Зәйд ибн Сәбит хижраның 45-жыл санауында бақиға

аттанды. Ол көз жұмғанда күллі мұсылман әлемі

қайғырып аза тұтты. Ибн Омар: “Бүгін адамдардың ең

білгір ғалымы өлді”, – десе, Ибн Аббас: “Міне, ілімнің

көмілуі осылай”, – деген еді

269

.

269

Табақат, 2:360.