279
Зәйд ибн Сәбит
“Мирас ілімін ең жақсы білетін Зәйд”.
(Хадис)
Құран аяттары мен сүрелері түскен кезде Аллаһ ра-
сулы (с.а.с.) оларды өзі ғана жаттап қоймай, басқаларға
да жаттатқызатын. Әрі жаза білетін сахабаларына уахиді
жаздыратын. Түскен уахиларды хатқа түсіретін бірнеше
сахаба болатын. Солардың бірі – Зәйд ибн Сәбит.
Пайғамбарымыздың маңдайалды сахабаларының бірі
Зәйд ибн Сәбит ансарлардың Хазрәж тайпасының
Нажжарұлдары руынан шыққан. Лақаб аты – Әбу Сайд
немесе Әбу Абдурраһман
263
.
Хижра жыл санауынан он бір жыл бұрын дүниеге
келген хазірет Зәйд Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға
келген кезде, әлі ойын баласы болатын. Тарихи дерек-
тер сол тұста оның он бір жаста болғандығын айтады.
Мәдинада сахабалар Бәдір соғысына дайындалып
жатқан кезде, жасы әлі он үшке толмаған нұр жүзді,
зерек бір бала келді. Қолында өзінің бойынан ұзын
қылышы бар ол Аллаһ елшісінің қасына барып: “Уа,
Расулаллаһ! Сен үшін жаным садаға. Сенімен бірге бо-
лып, сенің туыңның астында дұшпанға қарсы соғысуға
рұқсат бер”, – деді. Бұл әрекетіне сүйсінген Аллаһ
елшісі оған мейірім толы көздерімен қарап, арқасынан
қақты. Жасы жетпегендіктен оны әскер қатарына ал-
мады
264
.
263
Усдул-ғаба, 2:278; әл-Исәбә, 3:22.
264
Усдул-ғаба, 2:278.