280
Cаңлақ cахабалар
Әскерге алынбағанына Зәйд қапаланып қайғырды.
Оның мақсаты – қиын кездері Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
қасынан табылып, оған жақын болу. Алайда Зәйд өзінің
зеректігін басқа салада көрсетті. Ол – Құран жаттап, ілім
үйрену еді.
Зәйд – өте зерек, ақылды және есте сақтау қабілеті
күшті алғыр сахабалардың бірі. Он бір жасында-ақ он
жеті сүрені жатқа оқи алатын. Оның бұл қасиетіне тәнті
болғандар Зәйдті Аллаһ расулының (с.а.с.) қасына апа-
рып: “Уа, Расулаллаһ! Бұл, Зәйд баламыз, он жеті сүрені
жатқа біледі. Сүрелерді сізге қалай түскен болса, солай-
ша тура оқиды. Ол өте қабілетті. Оқу-жазуды да біледі.
Ол сізге жақын болуды қатты қалайды. Қаласаңыз, сы-
нап көріңіз”, – дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдтің жаттаған сүрелерін
тыңдады. Ол Құранды шын мәнінде керемет оқыды.
Тоқтайтын жерінде тоқтап, сөздерге ерекше мән беріп
мәнерлеп оқуы – оның Құранды жақсы оқуымен қоса,
жақсы түсінгендігінің белгісі еді.
Зәйдтің бұл қасиетін байқаған Аллаһ елшісі (с.а.с.)
оған Иврит (көне еврей) мен Суряни (көне Сирия) тілін
үйренуді тапсырды. Өйткені, Пайғамбарымыз әртүрлі
елдерден осы тілдерде жазылған хаттар алатын. Оларды
оқып, реті келгенде жауап беру қажеттігі туындайтын.
Пайғамбарымыздың өзі оқу-сызуды білмегендіктен,
бұларды басқа адамдарға істетуге мәжбүр болды. Бірақ
бөгде біреулердің хаттардың мазмұнын білгенін де
қаламайтын. Сондықтан да Зәйд ибн Сәбит іске кірісіп,
аз уақытта бұл тілдерді оқып-жаза алатын дәрежеде
үйреніп алды. Осыдан кейін ол Пайғамбарымызға
келген хаттарды оқып беріп отырды, қажет болғанда
оларға жауап та жазатын. Осылайша ол Расулаллаһтың