Previous Page  283 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 283 / 336 Next Page
Page Background

283

Әбу Мұса әл-Әш’ари

“Раббым! Абдуллаһ ибн Қайстың қателерін кешір. Оны

қиямет күні құзырыңа жақсылықпен қабыл ал!”.

(Хадис)

Йемендік Әбу Мұса әл-Әш’аридің негізгі аты –

Абдуллаһ ибн Қайс. Алғашмұсылман болып Эфиопияға

көшкендердің бірі. Ол – отбасымен бірге Йеменде

жүріп-ақ Пайғамбарымызды (с.а.с.) көрмей тұрып иман

еткен сахаба. Аллаһ елшісімен қол алысып серт беру

үшін жолға шыққан ӘбуМұса Эфиопияға жетіп, ол жер-

де Жағфар ибн Әбу Тәліп және басқа мұсылмандармен

кездеседі. Мәдинаға жеткен кезінде Хайбар алынып

қойған болатын. Пайғамбарымыз Әбу Мұсаға соғысқа

қатыспаса да түскен олжадан үлес бөліп береді

270

.

Ол Меккенің алынуы және Хунәйн шайқасына

қатысты. Хунәйн шайқасынан кейін Аллаһ елшісі

(с.а.с.) Әутас жазығына жиналған Хауазин тайпасына

қарсы Әбу Әмирді жіберді. Бұл шайқаста Әбу Әмир

шейіт болғаннан кейін басшылық міндеті Әбу Мұсаға

берілді. Әбу Әмирдің шейіт болғаны жайлы хабар

жеткенде, Пайғамбарымыз ол үшін дұға жасады. Әбу

Мұса да өзі үшін дұға тілеуді өтінгенде, Аллаһ елшісі:

“Раббым! Абдуллаһ ибн Қайстың қателерін кешір. Оны

қиямет күні құзырыңа жақсылықпен қабыл ет!”, – деп

Жаратушының оған деген жәрдемін тілейді.

Тәбук шайқасында Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны

Муаз ибн Жәбәлдің қасына қосып, дінді уағыздау үшін

Йеменге аттандырады. Оларға дінді үйрету жолында –

270

Усдул-ғаба, 2:30, 235,245.