289
Ғалым сахабалар
Өйткені, көз алдында туралықты айтпайтын басшы –
әділ басшы бола алмайды, – деді.
Үбәй ибн Ка‘б халифа Османның кезінде Құранның
оқылуы мәселесінде пайда болған аздаған айырма-
шылықтарды түзету үшін құрылған он екі адамдық
комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Бұл
жауапты іске өзі жетекшілік етіп Құран оқыды, Зәйд
ибн Сәбит одан естігендерін жазып отырды. Хазірет
Убәй ибн Ка‘б Құранның жинастырылуында теңдессіз
қызмет атқарды. Сондықтан оның Ислам тарихындағы
орны тіптен айрықша.
Үбәй ибн Кә‘б бос сөз сөйлемейтін. Мән-мағынасыз
сұрақтарға жауап беруді жаны сүймейтін. Мәнді
сұрақтар қойылса, ынта-шынтасымен жауап қайтаруға
жанын салатын.
Дәрежесі қанша жоғары болса да, өмір сүруі өте
қарапайым болды. Шәкірттеріне тәлім берген кезде
олардан оқшау отырмайтын. Қырағат ілімі (Құранның
оқылуына байланысты) бойынша білгір болумен
қатар тәпсір саласына да сүбелі үлесін қосты. Ол
аяттарға байланысты Пайғамбарымыздан сұралған
мәселелерді, аяттардың түсу себептерін жетік білуімен
ерекшеленді.
Бүкіл өмірін Құранға қызмет етуге арнаған Үбәй
ибн Ка‘б Пайғамбарымыздан (с.а.с.) көптеген хадис те
риуаят еткен. Сонымен бірге сөз саптаудың шебері еді.
Бұған бір-екі мысал келтірейік:
“Мүмин төрт сипатынан белгілі: Басына түскен
қиындыққа сабыр сақтайды. Нығмет берілсе, шүкір
етеді. Тура сөйлейді. Үкім кескенде, қара қылды қақ
жарар әділ болады”.