288
Cаңлақ cахабалар
– Иә, сенің атыңды толық атады, – деді
Пайғамбарымыз.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аузынан кез келген адамға
айтыла бермейтін қуанышты хабарды естігенде көзінен
ыстық жас парлап:
– Уа, Расулаллаһ! Олай болса оқыңыз, – деді
279
.
Міне, Аллаһтың арнайы атын атаған ең бақытты
жандардың бірі осы Үбәй ибн Кә‘б.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мәңгілік әлемге көшкеннен
кейін хазірет Үбәй өмірін Құран үйретуге арнайды.
Ол шәкірттеріне Құранды әдемі оқуды, аяттардың
мағыналарына терең бойлауды үйретті. Хазірет Әбу
Бәкір, Омар және хас сахабалардың көпшілігі одан
Құран үйренді. Міне Құранды үйренуге деген айрықша
құштарлығынан Үбәй ибн Кә‘б Пайғамбарымыздың
сүйіспеншілігі мен сахабалардың құрметіне бөленді.
Омар Фаруқтың халифалығы кезінде талай мәрте
қызмет ұсынылса да, ілімді таңдады. Хазірет Омар
қоймай өтініш жасағандықтан, кеңес алқасына мүше
болуды қабыл етті.
Үбәй ибн Кә‘б қашанда тура сөйлейтін, мінез құлқы
мен жүріс-тұрысы үлгі боларлық сахабалардың бірі еді.
Бір күні хазірет Омар оның қасында бір аятты жаңылыс
оқыды. Әбу Үбәйда оның қатесін бірден тауып:
– Әй, Омар! Мен бұл аятты Аллаһ елшісінен өз
құлағыммен естідім. Мен оны естіп жаттаған кезде, сен
Бақидегі базарда жүрген болатынсың, – дегенде Омар
(р.а.):
– Өте дұрыс айттың. Сенің әрқашан тура
сөйлейтіндігіңді білгендіктен әдейі осылай жасадым.
279
Бухари, тафсир, 98; 1.