292
Хазірет Хадиша
“Аллаһ Хадишадай қайырлы жар сыйлады. Ел мені
мойындамай күпірліктің күңсіген қоқсығын ақтарып
жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт түгел мені
өтіріксінгенде, ол растап, қолдады. Ел менен не нәрсесін
де аяп итіне жегізгенде, ол дәулетіне ортақ етті. Аллаһ
тағала тек содан ғана маған перзенттер нәсіп етті”
.
(Хадис)
Хазірет Хадиша –
Пайғамбарлар сұлтанының
(с.а.с.) пәк, ар-намысы таза, адамгершілігі мол өмірлік
жан серіктерінің алғашқысы.
Арабтардағы ең беделді тайпа Құрайыш тайпасы
болса, ол сол тайпаның ең текті отбасыларының бірінің
перзенті болатын. Әкесінің аты – Хуәйлид, анасының
аты – Фатима. Хадиша анамыздың шежіресі әке
жағынан Пайғамбарымыздың бабасы Құсайға, шеше
жағынан Пайғамбарымыздың аталары Луәйге келіп
тірелетін
281
.
Құрайышқыздарыныңішіндекөргендігі, көркемдігі,
ибалылығы мен дәулеті жөнінен ерекшеленетін Хади-
ша – жәһилия кезеңінің өзінде «тахира», яғни “пәк,
арлы әйел” атағына ие болған абзал тұлға. Алғашында
ол Атиқ ибн Азизге тұрмысқа шығып, одан бір қызды
болды. Ол қайтыс болған соң Тәмим руынан Әбу Ха-
ламен отау құрып, одан бір ұл, бір қыз тапты. Алайда
бұл күйеуі де қайтыс болып, жесір қалды. Содан кейін
281
А. әл-Һашимии, ән-ниса’ун-Нәби, Бейрут, 1990, 11; М. Асым
Көксал, Хазірет Мухаммед ве Исламииет, Истанбул, 1981,
96.