294
Cаңлақ cахабалар
Олардың Қасым, Зейнеп, Руқия, Үммүгүлсім,
Фатима және Абдуллаһ деген алты перзенті болды.
Қасым мен Абдуллаһ кішкентай кезінде Меккеде
қайтыс болды. Пайғамбарымыздың хазірет Фатимадан
басқа перзенттерінің бәрі өзінен бұрын бақиға аттанды.
Пайғамбарымыз дүние салған соң алты ай өткенде Фа-
тима анамыз сүйікті әкесінің қасына кетті.
Бұл отбасы Меккедегі ең бақытты, ең үлгілі
шаңырақ еді. Хадиша анамыз жұбайын әрдайым
құрметтеп, отбасының пірі санайтын. Материалдық
әрі рухани жәрдемін жан жарынан еш аяған емес.
Пайғамбарымыз да аяулы жарын “Хадиша Кубра”, ұлы
Хадиша деп еркелететін.
Ұлы Хадиша адамзаттың мақтанышы Әлемдердің
Сұлтанын (с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын да
сыйластығы мен сүйіспеншілігімен бақытты еткенінде,
пайғамбарлық кезеңі басталғанда да оны қолдап, ең
алғашқы мұсылман атағына ие болды.
Хира үңгірінде алғаш уаһи келе бастаған сәтте
Пайғамбарымыз қатты қорқады. Басынан өткен
жағдайды баяндап, көңіліндегі қорқынышты сейілтер
деген оймен өзін әрқашан қолдаған Хадиша анамызға
барады. Адамзаттың асылы (с.а.с.) үйіне барар-бармас,
“үстімді жабыңдар” деуге ғана шамасы келді. Хадиша
анамыз Пайғамбарымызды жатқызып, үстін жапты.
Шамалы болса да тынығып алған Пайғамбарымыз
(с.а.с.) оған басынан кешкен жайтты баяндап болған
соң: “Уа, Хадиша, көзіме бір сәулелер көрінеді. Қызық
дауыстар естимін. Пұттарды және көріпкелдерді
жаным сүймейтінін білесің. Алайда маған жындар
келе ме деп қорқамын”, – дегенде, парасатты Ха-
диша: “Олай деме. Қорқып, үрейленерлік ештеңе