299
Сахаба аналар
болатын болды. Ол үшін Аллаһ расулымен (с.а.с.)
туысқан болу – дүниедегі таптырмас бақыт еді.
Ол кезде хазірет Айша әлі алты жасар кішкентай
қыз еді. Сондықтан да үш жылдай олардың некесі
қиылмай, Айша анамыз әке-шешесінің қолында бол-
ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға ірге аударғаннан
кейін ғана Айша анамызбен некесі қиылды. Ол кезде
хазірет – Айша тоғыз жаста. Тарихшылар оның не-
келескен кезіндегі жасы жайлы әр түрлі пікірлер
айтқан. Кейбіреулері сол кезде ол он бір жаста десе,
кейбіреулері Айша анамыздың он алтыда болғандығын
алға тартады
289
.
Осы арада мына жайтты да еске сала кеткен жөн.
Ол кездері, яғни, мың төрт жүз жыл бұрын арабтардың
салттары бойынша, қыз бала тоғыз немесе онға толған
кезде ұзатыла беретін. Қыз он немесе он екі жаста
ұзатылмаса, отырып қалған болып саналатын. Әрі
ыстық жерлерде қыз балалардың ерте бойжететінін де
естен шығармау керек.
Пайғамбарымыздың оның тоғызға толғанын күтіп,
содан кейін ғана қасына алуы, әке-шешесінің де бұған
еш қарсылық көрсетпеуі, сол кездегі үйреншікті жайт
екенін көрсетеді.
Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыз
жас жұбайы Айшаны (р.а.) ерекше жақсы көретін. Бір
ретінде одан: “Әйелдердің ішінде ең жақсы көретініңіз
кім?”, – деп сұрағанда, ол “Айша”, – деген болатын.
“Ал ер кісілердің арасында кімді?”, – деп сұрағанда, –
“Оның әкесін”, – деп айтқан болатын
290
.
289
Кескиоглу, Фықыһ тарихи ве Ислам һукуку, Анкара, 1999.
290
Муслим, фадаилус-сахаба, 8; ибн Мажа, Муқаддима, 101.