Previous Page  302 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 302 / 336 Next Page
Page Background

302

Cаңлақ cахабалар

үйі еркек-әйел, жас-кәрінің ілім үйренетін қасиетті орда-

сына айналды. Қызының бойындағы бұл ақылдылығын

мақтан еткен әкесі Әбу Бәкір хал үстінде жатқан кез-

де, “О, қызым! Артымды қалдырып бара жатқан ең

сүйкімді байлығымсың. Сені жоғалтып алудан асқан

қасірет бар ма екен?!” – деп елжіреген көрінеді

296

.

Әбу Бәкір Сыддық Айшаны (р.а.) өзі тәрбиелеп,

өсірді. Жастайынан оқу-жазуды үйренді. Айша өте

зерек, әрі білімге деген қабілеті елден ерек, естігенін

бірден қағып алып, оңайлықпен ұмытпайтын.

Сүйікті елші Мұхаммедпен (с.а.с.) тоғыз жыл бірге

отасқан Айша анамыздың отау құрып, көңіл қосуының

ең басты хикметі: Исламды терең үйреніп, кейінгілерге

жеткізуінде жатыр. Діни үкімдердің көпшілігін,

әсіресе, кез келген адамның біле бермейтін, отбасына

қатысты мәселелерді ең жақсы білген де Айша ана-

мыз еді. Жас болуы әрі алғырлығы аз уақыттың ішінде

Пайғамбарымыздан талай нәрсе үйренуіне оған көп

көмектесті.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін

талас тудырған кейбір даулы мәселелерде саха-

балар Хазірет Айшаның төрелігіне жүгінетін. Ха-

дис, фиқһ және діни мәселелерде мұсылмандардың

қойған сұрақтарына дәлелді дұрыс жауап беруімен

ерекшеленді.

Ғалымсахабалардыңбірі ӘбуМұса әл-Әш’арионың

хадис іліміндегі дәрежесі жайлы: “Біз, пайғамбардың

сахабалары бір хадистің сырын ұға алмағанда хазірет

Айшадан сұрайтынбыз. Хазірет Айшаның міндетті

296

Табақат, 1:195.