303
Сахаба аналар
түрде ол хадис жайлы мәліметі бар болатын”, – деп
атап көрсеткен
297
.
Айша анамыз 2210 хадис риуаят ету арқылы ең
көп хадис риуаят еткен сахабалардың арасынан ойып
тұрып орын алды. Үлкен, білгір сахабалардың өзі
Пайғамбарымыздың жеке басына қатысты мәліметтерді
одан сұрап, үйренетін. Сахабалармен діни мәселелерде
пікір таластырып, келтірген айқын дәлелдерімен оларға
өзінің пікірін мойындата білетін
298
.
Имам Зуһри ол жайлы: “Егер өз дәуірінің
бүкіл ғалымдары мен Пайғамбарымыздың басқа
жұбайларының ілімдерін бір жерге топтаса, бәрінен
хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді”, – деп ілімінің
дәрежесін көрсеткен-ді.
Білгір де дана хазірет Айша хадис және фиқһ са-
ласында көптеген шәкірт тәрбиелеп шығарды. Оның
ілімінен нәр алып аттары мәшһүр болған Айша бинт
Талха, Әмрә ибн Абдуррахман және Хафса бинт Сирин
сияқты әйелдер бар.
Хазірет Айшадан табиун ғалымдарының Саид
ибн Мусәииб, Әлқәма ибн Қайс және Мәсрук ибн
әл-Әждә сияқты хадис алыптары хадис риуаят еткен.
Сахих хадис кітаптарында хазірет Айшаның берген
пәтуалары өте көп кездеседі. Бұл Айша анамыздың
Ислам тарихындағы айрықша тұлға бола білгендігін
көрсетеді.
297
Тирмизи, манақыб, 3877.
298
Хазірет Айшаның бұл қасиеттері жайлы кеңірек мәлімет
алу үшін қараңыз: Б. әз-Зәркәши, әл-Ижаба ли иради
ма‘стадракатһу ‘Айша ‘алас-сахаба, ауд. Б.Ерул, Хз. Айшенин
сахабейе йөнелттиги елештирилер, Анкара, 2002.