Previous Page  297 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 297 / 336 Next Page
Page Background

297

Сахаба аналар

емес пе?”, – дейді. Тозаңдай жақсылықты ұмытпайтын

Пайғамбар (с.а.с.): “Аллаһ Хадишадай қайырлы жар

сыйлады. Ел мені мойындамай күпірліктің күңсіген

қоқсығын ақтарып жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт

түгел мені өтіріксінгенде, ол растап, қолдады. Халық

менен не нәрсесін болса да аяп итіне жегізгенде, ол

дәулетіне ортақ етті. Аллаһ тағала тек ғана содан маған

перзенттер нәсіп етті”,–

деді. Хадиша анамыз жайлы

бұл сөздерді естіген Айша анамыз айтқанына ұялып:

“Уа, Расулаллаһ! Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа

ант етейін, бұдан кейін Хадиша жайлы естеліктеріңді

айта жүруіңді өтінемін”, – деп Пайғамбарымыздың

көңілін аулаған еді

287

.

Пайғамбарымыз хадисінде: “Христиан әйелдердің

ішінде ең қайырлысы – Имранның қызы Мәриям,

мұсылманәйелдердің ішіндееңқайырлысы–Хуайлидтің

қызы Хадиша” деп мадақтаса, басқа хадисінде: “Осы

дүниеде де, ақыретте де құрметке ие болған төрт әйел

бар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның жары

Әсия, Хуайлидтің қызы Хадиша, Мұхаммедтің қызы

Фатима”, – деген болатын

288

.

***

287

Муслим, фадаилус-сахаба:74; Усдул-ғаба, 5:438.

.

288

Ибн Исхақ, ас-Сира, 228; Хадиша анамыз жайлы кеңірек

мәлімет алу үшін Д. Өмірзаққызының «Адамзаттың асыл

тәжі» кітабына қараңыз.