Previous Page  281 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 281 / 336 Next Page
Page Background

281

Ғалым сахабалар

аудармашысы болды. Сонымен бірге ол өзінің негізгі

ісін, уахи жазуды да жалғастырды

265

.

Хазірет Зәйд – Құранды жинақтауда үлкен қызмет

атқарған ғалым сахабалардың бірі. Ол әрі Құранды жа-

зып әрі жатқа білетіндіктен, хазірет Әбу Бәкір Құранды

жинау алқасын Зәйд ибн Сәбитке басқартты. Кейіннен

хазірет Осман кезінде Құран нұсқаларының көбейтіліп,

Ислам орталықтарындағы қалаларға жіберу кезіндегі

іс-шараларға жетекшілік жасады. Құранның сақталып,

бізге дейін жетуінде оның қосқан үлесі өте зор.

Зәйд ибн Сәбит хазірет Әбу Бәкірдің халифалығы

кезінде Құранды жинастырған болса, хазірет Омардың

тұсында Құранның оқылуын үйретумен айналысты. Со-

нымен қатар пәтуа беру ісін де атқарды. Хазірет Омар

Зәйд ибн Сәбит пен бірнеше сахабадан басқалардың

пәтуа берулеріне тыйым салған

266

.

Ол Құранды жатқа білумен қатар “мирас (фа-

раид) ілімін” жете меңгерген. Мирасқа байланысты

мәселелерді сахабалар арасында одан жақсы білетін

ешкім жоқ еді. Бұл жайлы Пайғамбарымыз: “Мирас

ілімін (фараид) ең жақсы білетін – Зәйд”, – деген

267

.

Хазірет Омар яки Осман болсын, Мәдинада

болмаған кездерінде халифалық орындарына уәкіл

етіп Зәйд ибн Сәбитті қалдырып кететін. Әсіресе,

хазірет Осман оны ерекше жақсы көретін. Османның

халифалығы кезінде хазірет Зәйд бәйтул – малға

(қаржы министрлігі деуге де болады) жауапты болып

тағайындалды

268

.

265

Табақат, 2:358.

266

Табақат. 2:361.

267

Усдул-ғаба, 2:279; әл-Исәбә, 3:23.

268

Усдул-ғаба, 2:279.