Previous Page  275 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 275 / 336 Next Page
Page Background

275

Ғалым сахабалар

Уа, Расулаллаһ! Құран саған түсті. Мен оны саған

қалайша оқимын, – деп таңданысын жасыра алмайды.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) :

– Құранды өзгеден тыңдауды ұнатамын, – деген еді.

Пайғамбарымыздың өтінішін жерге тастай алмаған ибн

Мәс′уд “Ниса” сүресін оқиды. “Ниса” сүресінің:

“Әр

үмбетті куәларымен (қайта тірілткенде) әкеліп,

сені де солардың алдында куә ретінде тартқанда

қандай күн болмақ?!”

деген қырқыншы аятына кел-

ген кезде, Пайғамбарымыздың қос жанары манаурап,

жүрегі толқып:

– Жә, жетер, – деп қолын көтеріп, тоқтатқанды

255

.

Хазірет Абдуллаһ қоңыр даусымен Құранды

мүшріктерге жария етуден қорықпайтын. Бар әлемге

жалғыз өзі төтеп беретіндей иман күшіне ие Абдуллаһ

Мекке мүшріктерінің алдына шығып дауыстап Құран

оқыды. Оныңбұл қылығышымбайына батқанмүшріктер

оны сол мезет соққыға жықты. Алайда олардың таяғын

шыбын шаққан құрлы көрмеген ол тағы да қайталамақ

болғанда, қасындағы басқа сахабалар оның етегінен ба-

сып, жеңінен тартқылап, жібермей ұстап қалды

256

.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына Құранды

төрт кісіден үйренуді ескертсе, сол төрт кісінің бірі осы

– Абдуллаһ ибн Мәсуд

257

.

Мүшріктердің қорлығы мен азабына төзе алмай

Эфиопияға көшкендердің арасында Абдуллаһ ибн

Мәсуд та бар. Бірақ Пайғамбарымызға деген сағынышы

жібермей, Меккеге қайта оралды. Ол жерден кейінірек

Мәдинаға һижрет етті. Ибн Мәсуд Пайғамбарымызбен

255

Тирмизи, Тафсируль-Қур’ан, 5.

256

Усдульғаба, 3:257.

257

Тирмизи, манақыб: 38.