Previous Page  272 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 272 / 336 Next Page
Page Background

272

Cаңлақ cахабалар

кішіпейілдік танытатын. Жұрттың бәрі оның бұл

қасиетіне сүйсінетін.

Бірде біреу келіп, бір мәселе жайында пәтуа

сұрады. Хазірет Абдуллаһ кеңесші бола алмайтынын

айтты. Алайда пәтуа сұраған адам қайта-қайта келуін

қоймағанда еріксіз оған “саған бола өзімді Тозаққа қия

алмаймын” деп, жаңылыс-жаңсақ нәрсе айтып қоюдан

барынша тартынған еді. Істеген әр ісін Аллаһтың

разылығы үшін жасайтын.

Абдуллаһ ибн Омар – тек хадисші емес, соны-

мен қатар үлкен фақиһ. Ол өмірін Мәдинада өткізді.

Мәдинаның фиқһ ғұламалары пәтуаларының көбінде

оған сүйенген. Әһли сүннеттің төрт имамының бірі,

имам Маликтің фиқһында хазірет Абдуллаһтың

пәтуалары өте көп кездеседі. Оның пәтуалары жиналар

болса, көлемді бір кітап болады. Мысырлық ғалым М.

Рәууәс Кал´ажи “мәуду’ату фиқһи Абдиллаһ ибн Омар”

деген атпен бір кітап шығарған (Бейрут, 1986).

Ол өте жомарт, қияметке дейінгі Ислам үмбетінің

жол сілтеуші жарық жұлдыздарының бірі болды.

Мейірімді, жұмсақ мінезділігімен қоса әділетсіздікке

куә болғанда жаны шыдамайтын. Ақиқатты айту-

дан тайсалмайтын. Мұсылмандар арасынан бұрқ ете

қалған бүлікке қатыспай бейтараптылық ұстанды.

Бүліктерге (фитнә) араласпады. Не хазірет Әлидің

тарапына, не сириялықтардың тарапына қосылмады.

Ибн Омардың (р.а.) әһли бейтке деген құрметі жоғары

еді. Залым Хажжажға қарсы келуден қаймықпайтын.

Бірде Хажжаж жұма хұтбасын ұзақ созып жібереді.

Бұған шыдамаған Абдуллаһ “күн сені күтіп тұрмайды

ғой” дейді. Ішіне кек сақтаған Хажжаж Абдуллаһтың

өліміне себеп болады. Ол хижраның 78-жыл санауында