269
Ғалым сахабалар
шайқасына қатысу мүмкіндігіне ие болып, әскерге алы-
нып, көптен көксеген арманына жетті
249
.
Ибн Омар тақуалығы, құлшылығы, сезімталдығы
мен сүннетті ұстануы жөнінен әкесі Омардан да асып
түсетін.
Сахабалардың сүннетке деген сүйіспеншілігі шек-
сіз. Сүннетке мойынсұнып, оны ұстануға келгенде
Абдуллаһ ибн Омардың орны, тіптен, айрықша. Тек
қана ғибадат мәселесінде емес, күнделікті тұрмыста
да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әр іс-қимылын айныт-
пай қайталайтын. Пайғамбарға деген сүйіспеншілігі
де алабөтен. Имам Мәліктің ұстазы Нафи бірде
хазірет Абдуллаһ екеуі бірге Арафаттан ылдилап келе
жатқанда ибн Омар бір шұңқырға түсіп шығады. Оның
бұл қылығына айран-асыр қалған Нафи: “Ей, имам, бұл
шұңқырда не істедің?”, – дейді. Ибн Омар былай деп
жауап қатады:
“Пайғамбарымыз Арафаттан түсіп келе жатқан кез-
де, мен оған еріп отырдым. Осы жерге түсіп дәрет сын-
дырды. Менің қажеттілігім болмаса да, оның істегеніне
кереғар еш нәрсе жасағым келмеді
250
”.
Оның сүннетке құлай берілгендігі соншалық,
Аллаһ елшісі (с.а.с.) суды демін үш рет алып ішсе, ол
да дәл солай ішетін. Басқаша ішкенін ешкім көрмеген-
ді. Кішкентай бір қимылдың өзін Аллаһ елшісі (с.а.с.)
қалай істесе, айнытпай тура солай қайталайтын. Сол
кездің өзінде кейбіреулер мұны ерсі көретін.
ИбнОмардыңжүрегіПайғамбарымызға (с.а.с.)деген
сүйіспеншілікке толы еді. Ол зәру істері шығып қалмаса
Пайғамбарымыздың қасынан екі елі ажырамауға тыры-
249
Табақат, 4:143.
250
Муснәд, 2:131.