Previous Page  264 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 264 / 336 Next Page
Page Background

264

Cаңлақ cахабалар

жасының кішілігіне қарамастан бірөңкей жасы үлкен,

беделді адамдардан ғана тұратын “кеңес алқасының”

құрамына кіргізген. Сөйтсе де, Абдуллаһ ибн Аббастың

жастығын көлденең тартып, оны мойындағысы келме-

ген кейбір үлкендерге кеңес алқасының мәжілісінде

“Насыр” сүресінің мағынасын түсіндіріп берулерін

сұрады. Алдымен сөз алған үлкендер “Насыр” сүресін

былай түсіндіреді: “Аллаһтың жәрдемі мен жеңісі

келгенде адамдар Исламға топ-топ болып кіреді. Сол

кезде Раббыңды пәкте, мадақта, кешірім сұра” деген

мағынаға келеді”. Хазірет Омарға олардың бұл жауа-

бы түбіне тереңдемей, су бетінен қалқыған ұшқарылау

пікір көрініп, ұнамайды. Мұның әзәли мағынасын ибн

Аббастың өзінен сұрады. Ибн Аббас: “Бұл сүре Аллаһ

расулының өлімінен хабар береді. Адамдар топ-тобымен

Исламға кірген кезде оларға Аллаһтың хабарларын

жеткізген Пайғамбардың міндетінің аяқталғанын иша-

ралайды”, – деп жауап бергенде, халифа Омар: “Міне,

оны осы қабілеті үшін сендердің араларыңа қостым”,

– деп оның ерекшелігін атап өткен еді

243

.

Абдуллаһ ибн Аббастың сұхбатындағы топтың

халық арасында ерекше орны бар еді. Оның жүргізген

сұхбаттары берекетті әрі тартымды өтетін. Жасы да,

кәрісі де оның ілім бұлағынан мейірі қанғанша сусын-

дай алатын еді. Сұхбатының екі ерекшелігі болатын:

Телегей теңіз білімділігі, тақуалығымен ерекшеленген

хазірет Абдуллаһ сұхбаттарында осы екі қасиетке басты

мән беретін. Бәріне ұғынықты етіп көркем түсіндірген

сұхбаттарын айнала отырған адамдар зейін қойып

243

Бухари, тәфсир, (110) 3.