Previous Page  270 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 270 / 336 Next Page
Page Background

270

Cаңлақ cахабалар

сатын. Пайғамбардың (с.а.с.) мүбәрак білім мектебінде

білімге сусындап, уақытының көпшілігін ілім үйренуге

арнады. Пайғамбарымыз қайтыс болған кезде ибн

Омардың жүрегі мұңға толды. Пайғамбарымыз жай-

лы сөз бола қалса көзінен жас моншақтай жөнелетін.

Сапарға шығарда және кері қайтқанда міндетті түрде

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабірін зиярат ететін.

Абдуллаһ ибн Омарды Пайғамбарымыз (с.а.с.) да

жанындай жақсы көріп, оған ақыл кеңес, өсиеттерін жиі

айтатын. Хазірет Абдуллаһ һижреттен кейін өмірін Ис-

ламдыүйренугеатаған“Суффаасхабына”қосылды.Осы-

лайша кішкене бала кезінен бастап, Пайғамбарымыздың

ілім кәусарынан сусындаған бақытты сахабалар сана-

тына кірді. Пайғамбарымыздан және оның сахабалары-

нан ілім үйреніп, білімін жетілдірді. Ілім мәжілістеріне

қатысып, діни мәселелерді терең білетін ықпалды

сахабалардың біріне айналды.

Ислам тарихында “төрт Абдуллаһ” деген атпен

әйгілі сахабалардың бірі – осы ибн Омар. Ол – 2630

хадис риуаят ету арқылы Әбу Һурәйрадан кейін ең көп

хадис риуаят еткен сахаба. Оның тәпсир, фиқһ, әсіресе,

хадис ілімінде орны ерекше.

Хазірет Абдуллаһ хадис риуаят еткен кезде өте

абай болып, бұл маңызды іске үлкен жауапкершілікпен

қарайтын. Риуаят еткен хадистердің әр сөзіне, тіпті

әріптеріне де мұқият болатын. Бір мағынаға келетін

болса да, Пайғамбарымыздың қолданған сөздерін ғана

қолданып, хадистерді қаз-қалпында жеткізуге ерекше

мән беретін.

Хадистердің кейінгі ұрпаққажетуіндеАбдуллаһтың

қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бар ғұмырын хадисті жаю жо-

лында сарп етті. Бізге келген хадистердің көпшілігі ибн