265
Ғалым сахабалар
тыңдап, қақаған суықта арқаларын от табына тосқандай
ыстық әсер алатын
244
.
Ибн Аббастың парасаты мен қиыннан қиыстыра
білетін қисынды ойлары ыңғайлы да жөні бөлек
жосындығымен тәнті ететін. Пайғамбарымызбен
қандас туыс ол: “біз пайғамбардың шаңырағында
өстік” деп асқақ көңілмен мақтан ететін. Бойындағы
кемел қасиеттерімен сахабалардың арасында құрметке
бөленді. Барған жерінде кім болса да оған орнынан
тұрып, ілтипат көрсететін. Ибн Аббас елдің өзін бұлай
көкке көтере әспеттеуін аса ұнатпай, олардың орында-
рынан тұрмауларын өтініп, үнемі кішіпейілділік таны-
татын.
Бірде Зәйд ибн Сәбит атқа мінер кезде ибн Аббас
оның атының үзеңгісінен ұстап құрмет көрсетеді. Сон-
да Зәйд ибн Сәбит: “Әй, Аллаһ расулының ағасының
баласы, өтінемін, бұлай жасама”, – дегенде, ол:
“Ғалымдарымызға осылайша құрмет көрсету бізге
әмір етілді”, – дейді. Хазірет Зәйд болса оның қолынан
сүйіп: “Бізге де Аллаһ расулының туыстарына осы-
лай ізет көрсету әмір етілді”, – деп сыйластықтың ізгі
үлгісін көрсеткенді
245
.
Хибрул-умма, Тәржумануль-Қуран деген сипат-
тарға ие болған ибн Аббас ең көп хадис риуаят еткен,
білім дәрежесі жоғары, таңдаулы сахабалардың бірі
болатын. Ол 1600 хадис риуаят етті. Саид ибн Жүбәйр,
Мужәһид ибн Жәбр және Икримә сынды табиун
имамдары: “Біз не білсек, тегіс содан үйрендік” десе,
Үбәйдұллаһ ибн Абдуллаһ: “… Әбу Бәкір, Омар мен
Османның берген үкімдерін одан жақсы білетін адам
244
әл-исәбә, 2:333.
245
әл-Исәбә, 2:332.