261
Ғалым сахабалар
Ел билеген кездің өзінде қарапайымдылығы мен
кішіпейілдігін сақтап, арқанын асынып, құшақ-құшақ
отын таситын.
“Әбу Һурәйра (р.а.) төсек тартып қалыпты” дегенді
естігендер бұл ардақты сахабаның халін сұрауға келген-
де, оның жылап жатқанын көреді. Себебін сұрағанда:
“Дүниеден өтіп бара жатқаныма жыламай-
мын. Сапарымның тым ұзақтығына, мұнымен қоса
азығымның аздығына налимын. Бұл жолаушылықтың
соңында Жәннатқа кіремін бе, Жәһаннамға кіремін бе,
мұны да білмеймін. Соған жылаймын”, – деп жауап
берген еді
239
.
Бүкіл хас сахабалар осындай болатын. Дәрежелері
қаншалықты жоғары болса да, ақыретте есеп бере ала-
мын ба деп соншалықты қорқатын. Олар дүниедегі
дәрежелеріне марқайып асып та, тасып та кетпей, бе-
тегеден биік, жусаннан аласа бола білді.
Ислам дінінің көптеген қағидаларының кейінгі
ұрпаққа уыз да саф күйінде келіп жетуі үшін жанын
салған бұл сахаба хижраның елу сегізінші жылы
дүниеден озды. Осылайша көк күмбезінен маздай жа-
нып, шырақтай жарқыраған тағы бір жұлдыз шерлене
ағып, шеті мен шегі ғарыш пен кеңістіктің өзін дедек
қақтырып, құлдилатып әкететін, арыстан жалды айбар-
лы уақыттың алдында қас қаққанша өте шықты. Оның
бақытына – ол жанып үлгерді.
239
Р. әл-Баша, 1, 374.