258
Cаңлақ cахабалар
Әбу Һурәйраның көп хадис жаттауына Пайғам-
барымыздың (с.а.с.) осы әмин деуінің де үлкен септігі
тиді. Бір реті келгенде ол Пайғамбарымызға келіп:
“Уа, Аллаһтың елшісі! Сенен естіген нәрселерімнің
ешқайсысын ұмытуды қаламаймын”, – дейді. Пайғамба-
рымыз (с.а.с.): “Шапаныңды шешіп, жерге төсе”, – деді.
Содан кейін қолын көкке көтеріп дұға еткеннен кейін,
алақанына көктен шуақ уыстап алғандай шапанының
үстіне төкті. “Шапаныңды орап кеудеңе бас”, – деді
Пайғамбарымыз. Әбу Һурәйра айтқанындай істеді.
Осыдан кейін Аллаһ расулынан естігендерінің ешбірін
де ұмытпаған екен
233
.
Оның хадисті көп риуаят еткеніне тәнті болып,
“хадисті көп риуаят етесің” дегендерге, адал да пәк
көңілмен “мұһажир бауырларым базарда саудамен, ан-
сарлар бау-бақшадашаруашылықпен айналысқанда, мен
қарнымның тоқтығын ғана қанағат тұтып Пайғамбарға
қызмет ететінмін” деп жауап беретін еді
234
. Әбу
Һурәйра Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көлеңкесі сияқты
үнемі қасынан табылуды қалайтын. Ілім үйрену үшін
неше күн аш қалып ораза ұстайтын. Тіпті үш-төрт күн
қатарынан ауыз ашарға тісіне сыздық қылар нәр тап-
пай, ертеңгі күнгі оразаға Аллаһқа көзжұмбайлықпен
ниет еткен күндері де көп болды. Бұрай соққан
аштықтан жатқан жерінен қарны қабысып тұра ал-
май қалатын, тіпті қарнына тас байлап та жүретін.
Өткен-кеткенге аштығын білдіріп біреу-міреу “маған
Құран оқып берер адам бар ма?” деп, осылай қолқа са-
лып үйіне шақырар деп үміттенетін. Алайда бәрі оны
жөнді түсіне бермейтін. Жафар ат-Тайяр оның бұл
233
Муслим, Фәдәилус-сахаба, 159; Табақат, 4-330.
234
Муслим, Фәдәилус-сахаба, 159; Табақат, 4-330.