Previous Page  263 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 263 / 336 Next Page
Page Background

263

Ғалым сахабалар

АбдуллаһибнАббассахабалардыңеңбілімділерінен

саналады. Көзі тірісінде оны

хибруль-умма

(үмбеттің

дана ғалымы) және

тәржуманул-Қур`ан

(Құранды ау-

дарушы, оны бізге жеткізуші) деп ұлықтайтын

241

.

Ұзын бойлы, жылышырайлы, нұржүзді, сөйлегенде

дүйім жұртты аузына қаратар шешен де көсемАбдуллаһ

ибнАббасХашимтайпасынаншыққан. Оның есте сақтау

қабілетінің қуаттылығы соншалық – ол атақты шайыр

Амр ибн Раби`аның сексен жолдан тұратын өлеңін бір

оқығанда жаттап алған деседі. Тәфсир, фиқһ және хадис

ілімдерімен қоса әдебиет пен өлеңге, әсіресе, жәһилия

кезеңінің өлеңдерін жаттап аты шыққан. Ибн Жәрир

ат-Табари өзінің тәфсирінде әр аяттың түсіндірмесінде

ибн Аббастың жәһилия дәуірінен жеткізген өлең жол-

дарын кеңінен қолданған

242

.

Нұр пайғамбар хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дүние-

ден озғаннан кейін Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) пен

Омардың (р.а.) халифалықтары кезінде оларға ғылыми

мәселелерде кеңес беріп тұратын. Хазірет Омар шеше

алмаған күрмеуі көп күрделі мәселелерді “мұның түйінін

сен ғана шеше аласың” деп Абдуллаһ ибн Аббасқа

(р.а.) сілтейтін. Бірде Йеменнен келген әлдебір адам

өзін мазалаған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап ала

алмай амалы құрығанда, Абдуллаһ оның сауалдарына

ақылға қонымды жауаптар береді. Бұған разы болған

халифа Омар: “Абдуллаһтың Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) шаңырағында өскеніне куәлік етемін”, – деп,

оның білімділігі мен білгірлігін атап айтқан еді.

Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде ибн Аббас

ардақталып, абыройға бөленді. Хазірет Омар оны

241

Усдул-ғаба; 3:291.

242

әл-Бидая, 8:114.