Previous Page  268 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 268 / 336 Next Page
Page Background

268

Абдуллаһ ибн Омар

“Адамның бойында мына қасиеттер болмайынша, ол

шынайы ғалым бола алмайды: Өзінен білімі мол адам-

ды күндемейді, өзінен төменгілерді кемсітпейді. Ілімін

дүниелік пайда үшін сатпайды”.

(Абдуллаһ ибн Омар)

Әділеттің бейнесі хазірет Омардың тоғыз ұлы бол-

ды. Солардың ішінен “ибн Омар” Омардың ұлы деген

атқа ие болған, ибн Омар дегенде алғаш еске түсер ба-

ласы – Абдуллаһ.

Хазірет Абдуллаһ әкесі мұсылман болған кезде бес

жаста болатын. Мұсылман отбасында өскен ол пұттарға

табыну тәрізді жаман ғадеттен аман қалды. Исламды

түсінерлік жасқа толғанда бірден иман келтірді.

Мәдинаға һижрет жасалған кезде жасы әлі онға да

толмаған еді. Бәдір шайқасы қарсаңында қайткенде де

соғысқа қатысуды мақсат етті. Өзі сияқты тағы бірнеше

бала өздерін үлкен етіп көрсету үшін аяқтарының

ұшымен сапқа тұрып, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әскер

қатарына алуын қатты қалайды. Бойлары жеткенмен

жастары әлі кішкентай болғандықтан оларды Аллаһ

расулы әскер қатарына алмады. Ұһұт шайқасында да

жастары толмағандықтан әскерге алынбады

248

. Ол до-

стары сияқты жанары жасқа, көңілі мұңға толып үйіне

қайтты. Сол түні таң атқанша көз ілмей, “Аллаһ елшісі

мені дін күресу үшін сахабаларының арасына алмай-

тындай қандай кінәм бар еді?” деп назаланды. Тек бір-

екі жылдан кейін ғана жасы жеткеннен кейін Хәндәқ

248

Бухари, мағази, 6.