271
Ғалым сахабалар
Омардың хадис алқасына сүйенеді. Мәдинада хадис
үйрету тобын құрып, елге хадис үйретті. Хадис үйрету
үшін бүкіл күш-жігерін жұмсады.
Хадис ғылымында Абдуллаһ ибн Омар → Нафи
→ Малик ибн Әнәс арқылы келген хадистер ең мықты
риуаяттар болып саналады. Хадис ілімінде бұл хадис
шынжырын “алтын шынжыр” дейді. Абдуллаһ ибн
Омардан Абдуллаһ ибн Аббас, Жабир ибн Абдуллаһ,
Саид ибн әл-Мусаииб, Саид ибн Жубәйр, Хасан Басри,
Нафи’, Мужаһид, Тауус және өзінің балалары Хамза,
Біләл, Абдуллаһ және Ұбайдұллаһ сынды ғалымдар ха-
дис үйренген. Сондықтан да ол “муксирун” (көп хадис
риуаят еткен) сахабалардан болды.
Абдуллаһтың шәкірті Нафи өзінің азат еткен ба-
сыбайлысы еді. Абдуллаһ ибн Омар ғалым болумен
қатар тақуа әрі жомарт, кеңпейілді, дарқан жан еді. Үйі
қонақтан босамайтын. Кешкі асын жалғыз өзі ішкен
кездері өте сирек. Қонақ жоқ болса, шақыртып ала-
тын.
Құл азат етуді қайыры көп іс көретін. Имам
Нафидің айтуынша, ол мың құл азат еткеннен кейін
қайтыс болған және шын ықыласымен соны тілеген.
Абдуллаһ ибн Омар Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс
болғаннан кейін алпыс жыл өмір сүріп, көп пәтуа берген.
Алайда пәтуа берерде аяғын аңдап басатын. Аллаһтан
қорыққандықтан қандай да бір үкім беруден тартына-
тын
251
.
Бір мәселенің анық-қанығын толық білмесе не-
месе оның шешіміне күмәнданса “мен бұл мәселені
білмеймін” деп білмейтінін ұялмай мойындап,
251
О. Кескиоглу, Фықыһ тарихи ве Ислам һукуку, Анкара, 1999, 72.