267
Ғалым сахабалар
Мекке фақиһтарының көбісі оның мектебінен қаз
басып, қанат қағып шықты. Сондықтан да оған “Мек-
ке тәпсир мектебінің негізін қалаушы” делінді. Құран
ілімдерін жетік меңгерген ибн Аббастың айрықша
қайрат көрсеткен қызметтерінің бірі – Құранның жи-
настырылуына қосқан үлесі.
Муғауия қайтыс болғаннан кейін хазірет Әли мен
ұлы Хусәйннің жақтастары оны Куфаға шақырды.
Ол бұл шақыруды қабыл алмады. Хусәйнге ол жаққа
барма деп қанша үгіттесе де, оны көндіре алмады.
Осының салдарынан Куфаға кетіп бара жатқанда
Пайғамбарымыздың сүйікті немересі хазірет Хусәйн
Кербалада шәйіт болды. Бұл оқиғадан соң қайғыдан
қан жұтқан Абдуллаһ ибн Аббас екі көзінен айырыл-
ды. Ғұмырының соңына таман екі көзі көрмей қалған
ілім бұлағы Абдуллаһ жазмыштан озмыш жоқтығына
налыған емес. Керісінше:
“Аллаһ жанарымнан жарықты сөндіргенмен,
жүрегім мен тілім нұрсыз қалмады”, – деген екен
қасқайып
247
.
Абдуллаһ ибн Аббас 687 жылы Таифте қайтыс бол-
ды. Жаназа намазын хазірет Әлидің баласы Мұхаммед
әл-Һанафиия оқыды. Ол:
“Бүгін бұл үмбеттің ең білгір ғалымы қайтыс болды.
Оның өлімі мұсылмандарды мұңға батырды”, – деген бо-
латын.
***
247
Сахабилер ансиклопедиси, 1: 153. Сахабилер ансиклопеди-
си, 1: 153.