Previous Page  262 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 262 / 336 Next Page
Page Background

262

Абдуллаһ ибн Аббас

“Аллаһым, оған діннің рухын үйрет және тәуилді

(Құранның негізгі тура мағынасын) жетік білуін нәсіп

ет!”

(Хадис)

Һижреттен үш жыл бұрын Пайғамбарымыздың

ағасы Аббастың шаңырағында нұр жүзді бір ұл

баланың кіндігі қиылды. Оның атын “Абдуллаһ” деп

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі қойған болатын.

Абдуллаһ ибн Аббас кішкентайынан Пайғамбары-

мыздың үйінде сол шаңырақтың бір адамындай бо-

лып өсті. Пайғамбарымыздан сабақ алып, түнде бірге

ғибадат жасап, оған қызмет ететін. Ынталылығы, еңбек-

қорлығы, ақылдылығы мен турашылдығы үшін хазірет

Пайғамбар оны бауырына тартты.

Ардақты елші (с.а.с.) Абдуллаһтың ғалым болу-

ын қалап, оған үнемі арнайы сабақ беріп тәрбиеледі.

Пайғамбарымыз дүние салған кезде әлі он төрт-он

бестердегі жас өспірім еді. Аллаһ елшісінің қасында

өткізген төрт-бес жылы – оның естігенін қалт еткізбей

қағып алатын қабілетке ие болған кезіне сай келген.

Бұл қысқа уақыттың ішінде көп хадис жаттады. Мұның

себебі, оның бойындағы алғырлығы. Сонымен қатар

Пайғамбарымыздың: “Аллаһым, оған діннің рухын

үйрет және тәуилді (Құранның негізгі тура мағынасы)

жетік білуін нәсіп ет”, – деп дұға жасауы да әсер еткен

еді

240

.

240

Муснәд, 1:266; Бухари, уду`, 10.