Previous Page  259 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 259 / 336 Next Page
Page Background

259

Ғалым сахабалар

халін жақсы білгендіктен, көбіне сол үйіне апарып

тамақтандыратын. Кейде Пайғамбарымыздың өзі үйіне

апарып қарнын тойғызатын

235

.

Ілім қазынасы Әбу Һурәйра Аллаһтың адамзатқа

рақым етіп жіберген асыл тұлғасының аузынан шыққан

әрбір сөзді қағып алып кейінгі ұрпақтарға аманат етуде

айрықша қызмет көрсетті. Мұның себебін ол:

“Негізінен біз Кітапта ап-ашық үкімдерді әрі

тура жолды адамдарға баян еткеннен кейін оны

жасырғандарды Аллаһ лағынет етеді әрі барлық

лағынет етушілер оған қарғыс айтады”

деген

Құрандағы “Бақара” сүресінің 159- аяты болмағанда,

мен хадис риуаят етпес едім, – деп түсіндіретін.

Пайғамбарымыздың қасында төрт жыл бойы жүрудің

өзі сахабалар арасында оның қадірін арттырды.

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) „Ақаба” келісімінде алғаш

қолын қысқандардан және Оны (с.а.с.) Мәдинада

сегіз ай бойы құтты қонақ еткен қадірлі сахаба Әбу

Әйюб әл-Ансаридің өзі де Әбу Һурәйрадан хадис ри-

уаят ететін. Одан: “Сен одан бұрын мұсылман болдың

және сен де Аллаһ елшісінің сахабасысың”, – деген-

дерге: “Ол біз естімеген көптеген нәрселерді естіді”,

– деп, Әбу Һурәйраның ерекшелігін атап кеткен еді

236

.

Сонымен бірге сахабалар арасында Абдуллаһ ибн

Омар, Хибрул-Умма Абдуллаһ ибн Аббас, Жабир ибн

Абдуллаһ әл-Ансари, Әнәс ибн Мәлік және Уасилә ибн

Әсләм сынды хадис ғылымының негізгі тіректері және

Табиундардың арасында да аттары әйгілі Хасан Басри,

Зәйд ибн Әсләм, т.б. белгілі хадис ғалымдарының көбі

235

Бухари, Фәдәилус-сахаба, 10.

236

Мустәдрәк, 3:512.