Previous Page  255 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 336 Next Page
Page Background

255

Ғалым сахабалар

Әбу Һурәйра Мәдинаға табан тірегенде, Аллаһ

елшісі Хайбар жорығында болатын. Расулаллаһтың

нұрлы дидарын көруге асыққан ол кідірместен бірден

Хайбарға тартты. Діттеген жеріне де жетіп, Аллаһтың

сүйікті елшісімен (с.а.с.) жүздеседі. Пайғамбарымыз

оның атын сұрағанда “Әбдушшәмс” деп жауап қатады.

Аллаһ елшісі “Адам баласы айдың, күннің құлы бола

алмайды: сен – Әбдуррахмансың” деп, оған Аллаһтың

құлы мағынасына саятын осы атты еншілейді. Алай-

да ол «Әбу Һурәйра» деген атпен танымал болды.

Күндердің бір күнінде Аллаһ елшісі оның мысықтарға

айрықша мейірімділігін көріп, “Уа, Әбә Һирр”

(мысықтың әкесі, иесі) деп оны бұдан былай осы ат-

пен шақыратын болды. Содан кейін Әбу Һурәйра деп

аталып кетті. Қарапайым да кішіпейіл ол өзі де Аллаһ

расулының қойған атын өзіне лайық деп тауып, осы-

лайша шақырылуын ұнататын. Бұл оның Аллаһтың

Елшісіне деген сүйіспеншілігінің белгісі еді

228

.

Әбу Һурәйра ең алдымен Аллаһқа иман келтіруді өз

жақынынан бастағанды жөн көреді. Ол Ислам уызының

ләззатынан анасының да мақұрым қалмауын қалады.

Жөргегінен әлпештеп, аялап, әкесіздікті сездірмей

тәлім-тәрбие берген анасының Исламды қабылдауы

үшін қолынан келгенін аямады. Алғашында анасы қас

қылғанда, қасарысып бақты. Әбу Һурәйра Исламның

әсемдігін айтқан сайын, ол Пайғамбарымыздың мүбәрак

атына тіл тигізіп, ауыр сөздерді қарша борататын. Көп

уақыт осылай өтті. Жанындай жақсы көретін анасының

қараңғылықтың тар қапасында қалуы оның жүрегіне

инеше шаншылып, шөңгеше қадалды. Қалай айтса да,

228

Ибн Хажәр, әл-Исәбә, 4/202 ; аз-Зәһәби, Тәзкиратуль-хуффаз;

Хайдарабад, 1956, 1: 32.