260
Cаңлақ cахабалар
Әбу Һурәйрадан хадис риуаят еткен. Осы сияқты сегіз
жүзге жуық белгілі кісілер одан хадис алған
237
.
Пайғамбарымыздың қасында төрт жыл жүріп,
хазірет Әбу Һурәйра бес мыңнан аса хадис риуаят етті.
Көп хадис риуаят етуінің себебі, ол бүкіл ғұмырын
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жолында сарп етуінде еді. Ап-
талап аш қалса да, Аллаһ расулының (с.а.с.) қасында
болып, Пайғамбарымыздан Исламның жаңа үкімдерін
үйреніп, жаттау оның ең қымбатты ісіне айналған.
Әбу Һурәйра (р.а.) Пайғамбарымыздың мейірімі
жайлы былай дейді:
“Бір шайқаста Пайғамбарымыздан кәпірлердің
тып-типыл құруы үшін дұға етуін сұрағанда, ол:
“Мен лағынет айтып, елге азап беру үшін емес,
қайта жақсылық жасап, оларды бақытты ету үшін
жіберілдім”, – деп “Әнбия” сүресінің
“Сені әлемдерге
рақым етіп жібердік”
деген 107-аятын дәлелге
келтіреді.
Жоғарыда атап өткендей, Әбу Һурәйраның есте
сақтау қабілеті өте күшті болатын. Оның бұл қабілеті
өз дәуірінің қатал сыны мен сынағынан сүрінбей
өткенді. Бірде Әбу Һурәйра Мәруанның алдында ха-
дис риуаят етеді. Кейбіреулер оған білдірмей айтқан
хадистерін жазып алады. Мәруан келесі жылы Әбу
Һурәйраға жолығып, өткен жылы айтқан хадистерін
қайтадан айтуын өтінді. Әбу Һурәйра “Бисмиллаһ”
деп сол хадистерді айна-қатесіз, бір сөзін де өзгертпей
қайталап айтып беріпті
238
.
Хазірет Әбу Һурәйра Муғауия ибн Әбу Суфиянның
кезінде бірнеше ретМәдинаға әкімболып тағайындалды.
237
Ибн Хажар, әл-исәбә, 4:205.
238
Мустәдрәк, 3:509-510.