257
Ғалым сахабалар
Ол керемет ақылды әрі алғырлығымен ерекшеленді.
Хадис үйренуге деген құштарлығы шексіз еді. Бұл
мәселеде оған ешкім тең келмеді. Бұл ерекшелігін
Пайғамбарымыз жиі-жиі айтып отыратын. Бір ретінде
Расулаллаһтан:
– Қиямет күні сіздің шапағатыңызға аса лайық бо-
латын кім? – дегенде, Аллаһ елшісі:
– Ей, Әбу Һурәйра, сенің хадис үйренуге деген
құштарлығыңның шексіз екенін білгендіктен, мұны
сенен бұрын ешкімнің сұрамайтынын, шынында да,
сезген едім. Қияметте шапағатыма аса лайық болатын
шын жүректен “лә иләһә илләллаһ” деген адам” – деп
жауап берген еді
230
.
Ол: “Расулаллаһтан әдемі, одан нұрлы ешкімді
көрмедім. Жүзі атқан таңдай арайланып, күндей
жарқырайтын”, – деп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген
сүйіспеншілігін осылайша білдірген еді
231
.
Пайғамбарымызды қаншалықты жақсы көрсе,
ілімге деген құштарлығы да сондайды. Оның ең асқақ
арманы – ілім еді.
Түннің үштен бірінде ұйықтап, үштен бірінде
құлшылық етіп, дұға оқитын. Қалған үштен бөлігін
жаттаған хадистерін санасына сіңіріп, ұмытпас үшін
үнемі қайталайтын. Ол үлкен ғалым, фақиһ және ха-
дис хафызы (хадистерді жатқа білуші) болды. Бір күні
мешітте оның: “Аллаһым, маған еш ұмытылмайтын ілім
нәсіп ет” деп дұға етіпжатқанын естігенПайғамбарымыз
зор даусымен ауаны жаңғыртып “Аллаһым, әмиин!”, –
деді
232
.
230
Бухари, Риқақ:51.
231
Р. әл-Бәша, 1:369.
232
Мустәдрәк, 3:508.