252
Cаңлақ cахабалар
(с.а.с.) бірде-бір сөзінің із-түзсіз жоғалып кетпеуіне аса
ұқыптылық көрсетіп, кейінгілерге жеткізу үшін барлық
күштерін салған. Ең көп хадис риуаят еткен (мыңнан
аса) сахабаларға терминологияда „муксируун” делінеді.
Олар мыналар:
Әбу Һурәйра – 5374 хадис;
Абдуллаһ ибн Омар – 2630 хадис;
Әнәс ибн Малик – 2286 хадис;
Хәзіреті Айша – 2210 хадис;
Абдуллаһ ибн Аббас – 1660 хадис;
Жабир ибн Абдуллаһ – 1540 хадис;
Әбу Саид әл-Худри – 1170 хадис риуаят еткен.
б.Еңкөп пәтуа берген сахабалар:
Хадис риуа-
ят еткен сахабалармен қоса діни мәселелер бойынша
пәтуалар айтқан сахабалар да көп болған. Олардың
ең алғашқылары – төрт халифа. Пәтуалары Ислам
тарихына байланысты шығармаларда көрсетілген
сахабалардың кейбірі: Абдуллаһ ибн Мас‘уд, Муаз ибн
Жәбәл, Үбәй ибн Кә‘б, Абдуллаһ ибн Омар, Абдуллаһ
ибн Аббас, Зәйд ибн Сабит, хазірет Айша т.б.
Сахабалардың арасында 200-ге жуық, басқа бір
риуаят бойынша 300-ге жуық Абдуллаһ есімді саха-
ба болған деседі. Бұлардың арасында діни мәселелер
төңірегінде аттары әйгілі 4 Абдуллаһ бар. Оларға тер-
минологияда төрт Абдуллаһ мағынасын білдіретін “аба-
дила арба‘а” делінеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден
озған соң, көптеген мәселенің шешімі жайында Ислам
ғалымдары осы төрт сахабаның көзқарастарына көбірек
жүгінген. Олардың бір мәселе төңірегінде төртеуінің
де бірдей келісімге келуіне “қаулул-Абадила” (төрт
Абдуллаһтың келіскен пікірлері) термині қолданылады.
Ол 4 сахабаның есімдері мыналар: