Previous Page  247 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 247 / 336 Next Page
Page Background

247

Мәшһүр сахабалар

(с.а.с.) еді. Яһуди мен христиандардың Пайғамбарды өз

ұлдарынан да жақсы танитынының мәні осында.

Бір күні хазірет Омар (р.а.) Абдуллаһ ибн Сәлам-

нан:

– Аллаһ елшісін өз балаларың секілді танитын ба

едіңдер? – деп сұрады.

Ол:

– Өз баламнан да жақсы танитын едім, – деп жауап

қайырды.

Омар Фаруқ, екінші рет: “Қалай?” – деп сұрағанда:

“Балама шек-шүбә келтіруім мүмкін. Бірақ, Аллаһ

елшісінің ақырғы пайғамбар екендігіне ешбір күмәнім

жоқ”, – деді. Бұл жауапқа Омар дән разы болып, ор-

нынан тұрып, Абдуллаһ ибн Сәламның маңдайынан

сүйді

223

.

Абдуллаһ ибн Сәлам мұсылман болғаннан кейін

отбасындағыларға да Исламды уағыздады. Олардың

бәрі Исламды қабылдады. Абдуллаһ ибн Сәлам

оларға мұсылман болғандарын әзірге ешкімге жария

етпеулерін ескертті

224

.

223

Мухтасару тәфсири ибн кәсир 1

140; Суюти, әд-дуруль-

мәнсур,1

357 ден ан-Нурул-халид, 1:47

224

Негізінде бұл уақиға Пайғамбарымыздың келетінін алдына

ала білген адамдардың бар болғандығын қуаттайды. Өйткені

араб түбегінде өмір сүрген адамдардың арасында яһуди

мен христиан дінін ұстанушылар өз кітаптарынан соңғы

пайғамбардың келетінін білетін. Бұған, Тәурат пен Інжілді,

Эфиопия патшасы Нажашидің оқиғасын, монах Бахира мен

Уарақа ибн Нәуфәлдардың оқиғаларын және сол кезде араб

түбегінде һаниф дінін ұстанған адамдардың пайғамбарды

күткендіктерін тарихи кітаптардан кездестіруге болады.

Яһуди ғалымы Абдуллаһ ибн Сәламның мұсылман болуы,

ибнХәийабанныңИсламдықабылдауы, Сәлман әл-Фарисидің

иман келтіру, Әбу Бәкірдің хақ дінге кіруі сияқты көптеген

оқиғаларды дәлел ретінде келтіруге болады.