Previous Page  244 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 244 / 336 Next Page
Page Background

244

Абдуллаһ ибн Сәлам

“Абдуллаһ ибн Сәлам – Жәннатпен сүйіншіленген он

адамның он біріншісі”.

(Хадис)

Бұл қаһарманымыздың мұсылман болуы бізге

хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.)

көптен күтілген соңғы

Пайғамбар болғандығын айқындай түседі. Сондықтан

оның мұсылман болуы жайлы оқиғасына кеңірек тоқ-

таламыз.

Әл-Хусәйн ибн Сәлам болашақ ұлы мәдениеттер-

дің қайнаған ошағы нұрлы Мәдинаның маңында өмір

сүрген Яһуди тайпаларының бірі Бәну Қайнуқада

дүниеге келген. Әкесі Сәлам мен атасы Харис

яхудилердің арасындағы ең білгір ғалымдарынан еді.

Әкесі Хусәйннің ғалым болып өсуін қалап, арнайы

тәлім-тәрбие беріп, көзінің қарашығындай қарады.

Уақыт өте келе Хусәйн яһудилердің арасында саусақпен

санарлық ғалым дәрежесіне жетті.

Ол халық арасында білгірлігі, діндарлығы мен

туралығы жағынан танылды. Уақытының көбін си-

нагогта уағыз жасап, ғибадат етумен және Тәуратты

зерттеп үйренумен өткізетін. Тәуратты әр оқыған сай-

ын Меккеде шығатын соңғы пайғамбардың белгілерін

оқып, терең ойға шоматын. Соңғы Пайғамбардың

Мәдинаға көшетінін де кітаптарынан оқып үйренген

Хусәйн оның келуін асыға күтіп, Аллаһтан сол күнге

жеткізуін сұрап мінәжат ететін.