242
Cаңлақ cахабалар
Фарисидің кеңесі мен Аллаһтың жәрдемі арқасында
маңызды жеңіске жеткен-ді.
Сәлман Пайғамбарымызбен (с.а.с.)
бірге бұдан
кейінгі шайқастардың бәріне қатысып, Аллаһ расулы-
ның жанынан бір елі айырылмады.
Пайғамбарымызды (с.а.с.)
айналшықтап, маңынан
шықпайтын. Түннің бір уағына дейін сұхбаттарын
тыңдайтын. Пайғамбарымызға жақын жүргендіктен,
оның ілім бұлағынан қалағанынша қанып сусындаған
ғалым сахабалардың бірі болды. Пайғамбарымыз
Сәлман жайлы: “Шын мәнінде Сәлман ілімге қанық
болды” – деген еді.
Хазірет Әли: “оған бұрынғылар мен кейінгі кел-
гендердің ілімі берілді. Оның іліміне пара-пар ке-
лер ілім жоқ” – деген болса, Муаз ибн Жәбәл сияқты
білгір сахабалардың бірі қайтыс болмай тұрып
айналасындағыларға ілімді Сәлман әл-Фарисиден (р.а.)
алуды айтып кеткен болатын
221
.
Хазірет Сәлман халифа Омардың тұсында Иран-
ның алынуында маңызды рөл ойнады. Иран алынғаннан
кейін хазірет Омар оны Мәдәин қаласына әкім қылып
жіберді. Ол міндетін адал орындап, халықтың құрметі
мен сүйіспеншілігіне бөленді.
Сәлман (р.а.) әкім болып тұрған күннің өзінде
қарапайымдылығы мен кішіпейілділігінен танбады.
Халифа Омар оны ерекше қадірлейтін. Ол ілімімен қоса
тақуалығымен де ерекшеленді.
Исламға кіру үшін қиын да қилы оқиғаларды басы-
нан өткеріп, ақырында Ислам нұрына шомған бұл абзал
тұлға жайлы Пайғамбарымыз:
221
Табақат, 4:85.