238
Cаңлақ cахабалар
қарашығындай көретіндігін айтып, жұмысын бітіре са-
лысымен үйге қайтуын құнттап ескертті.
Егістікке бастап апаратын жол бойында хрис-
тиандардың шіркеуі бар еді. Сәлман соның жанынан
өтіп бара жатып, шіркеуде құлшылықтарын өтеп жатқан
христиандарды көріп, таңғалады. Бұл не нәрсе екен деп
көңілі ауған Сәлманшіркеуге кіріп, қас қарайғанға дейін
христиандармен сұхбаттасты. Олар діндері жайлы көп
мәлімет берді. Отқа табынудан басқа құлшылықтың
түрін көрмеген Сәлманның христиандықты үйренуге
аңсары ауып, бұл жаңа дінді қалай үйренуге болатынын
сұрағанда, олар оның тараған жері Сирия екендігін айт-
ты. Үйіне оралған бетте Сәлман әкесіне болған жайтты
баяндап, әкесінің ұстанған дінінен жақсы дін тапқанын
қуана жеткізді. Әкесі оған жаңылысқанын қанша айтса
да Сәлман дес бермеді. Жар дегенде жалғыз баласы-
нан айырылып қалудан қорыққан әкесі оның аяғына
шынжыр салып үйге қамап тастады. Ақиқатқа көңілі
ояна бастаған Сәлман ақырында үйінен қашып шығып,
Сирияға жол тартты.
Оның тұла бойында хақ дінге деген құштар сезім
пайда болып, сол дінді тапсам, көрсем деп ынтығып
тұрды. Сирияға барған бетте бір шіркеудің монахына
қызметке тұрды. Алайда бұл монах алаяқтың нақ өзі боп
шықты. Адамдарды садақа беруге үгіттеп, жиналған
садақаларды өзі қымқыратын. Көп уақыт өтпей монах
қайтыс болды. Оның орнына келген монах өте дұрыс,
құдайға берілген кісі еді. Ол өлмей тұрып Сәлманға
өзінен кейін Мусулдағы бір монахқа барып, соған қол
беруін өсиеттеп кетті. Мусулға барып алдыңғы ұстазы
айтып кеткен монахты тауып алды. Дініне берік жан
болғанмен ол да көп ұзамай қайтыс болды.