233
Мәшһүр сахабалар
Бір ретінде Аллаһ елшісінен (с.а.с.) өзіне мем-
лекеттік қызмет беруді өтінді.
Әркімнің бойындағы қабілеттеріне шақтап іс бе-
руде сұңғылалық танытатын Пайғамбарымыз (с.а.с.)
оған бұл қызметтің жүгі ауыр екендігін, атқара алмаса
ақыретте есебі қатаң болатынын ескертті. Әбу Зәрр да
Аллаһ елшісінің кеңесіне бас иіп, өтінішінен бас тарт-
ты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған бірде:
“Сенің қызметің әкімдердің қызметінен кем емес.
Олардың қылыш арқылы жасайтынын сен ақылыңмен
атқарасың”
212
деп, әркімнің қоғамдағы орнының әр
түрлі болатынын, әрбір адамның өз қабілетіне сай іс
бітіру керектігін атап кеткен еді.
Әбу Зәрр ынтыға ғашық болып, шын көңілмен
қабылдаған хақ дінге құлай берілген жанкешті болатын.
Оның бұл қасиетін Пайғамбарымыз да жақсы білетін.
Ми қайнатар жаз күндерінің бірі… Мұсылман
әскерлері Тәбук жорығына әзірлік үстінде. Әбу Зәрр
де жорықтың қамын жасады.
Түйесі кәрі болғандықтан жасақталған әскерден
артта қалып қойды. Не қылса да түйесін жылдам жүргізе
алмады. Ара қашықтық әудем жер ұзап кетті. Бұл тұста
кейбір адамдар әртүрлі сылтаулар айтып, жорықтан
қалып қойған еді.
Тәбукке жақындағанда мұсылман әскерлері бел
суыту үшін бір жерге аялдайды. Қалып қойған адамдар
жайлы әр түрлі әңгіме шыға бастады. Келмегендердің
арасында Әбу Зәрр де бар еді. Оның келмей қалғанын
Пайғамбарымызға айтқан кезде “Оны қозғамаңдар.
212
Асрус-са‘адат, 3:194.