Previous Page  229 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 336 Next Page
Page Background

229

Мәшһүр сахабалар

мен мүшріктер арасындағы бітіспес күрес сырттай

қарағанда-ақ байқалатын.

Осылайша он бес күн өтті. Пайғамбарды кездес-

тіре алмады. Әбу Зәррдің азығы да таусылып, тек қана

зәмзәм ішіп күнелтті. Әбіржіп, титықтай бастады.

Күндердің бір күнінде Қағбаның қасынан өтіп бара

жатып хазірет Әли оны көзі шалып қалады:

– Мына байғұс ұзақ жолдан келген мүсәпір-ау,

сірә – деп күбірледі.

Мұны естіген Әбу Зәрр басын көтеріп:

– Иә, жолаушымын, алыс жолдан келген жайым

бар, – деді. Хазірет Әли:

– Онда жүр үйімізге, қонағымыз бол, – деп Әбу

Зәррді үйіне ертіп апарып, күтеді. Бірақ, екеуі де бір-

біріне сақтық жасап, ол түні жақ ашпады.

Таң атқан соң Әбу Зәрр хазірет Мұхаммедті (с.а.с.)

іздеу үшін тағы да Қағбаға барады. Келген-кеткенге

қарап, әрлі-берлі жүрумен кешті батырады. Бірақ ешбір

дерек жоқ.

Салы суға кетіп отырған оның жанына тағы да

хазірет Әли келеді.

– Әлі қайда кетеріңді білмей отырсың ба? – деп

сұрайды.

– Иә, дәл солай, – деді Әбу Зәрр.

– Онда бізге жүр, мейманымыз бол, – деп, хазірет

Әли тағы да қолқа салады. Жолда келе жатып қонағынан

қайдан, не мақсатпен келгенін сұрайды.

Әбу Зәрр:

– Егер ешкімге тіс жарып айтпайтындығыңа сөз

берсең, айтайын, – деді.

Хазірет Әлидің уәдесін алған соң Әбу Зәрр оған

сапарының мақсатын түсіндіре бастады: