225
Мәшһүр сахабалар
– Сендердің әмірлерің кедей ме? – деді.
– Иә, ол кедей. Қолына не түссе бәрін кедей-
кепшікке таратып бере салады, – деді адамдар.
Мұны естіген халифа көз жасына ие бола алмады.
Хазірет Омар әкімінің тұрмысын түзетуді ойлап, бір
елші арқылы оған мың динар жіберткізеді. Ол елшіге:
– Менен оған дұғай-дұғай сәлем айт. Бұл ақшаны
мүминдердің әміршісі өз қажетіңе жұмсау үшін жіберді
де, – деп тапсырды.
Елші Хумусқа барып аманатты әкімге табыс
етті. Саид ибн Амир мұншама көп ақшаны көре сала
шошынғандай “иннә лиллаһи уә иннә иләйһи ражиу-
ун” (Шындығында біз бәріміз Аллаһқа тәнбіз және оған
қайта ораламыз) деген дұғаны оқыды. Саидтың бұл
халін көрген әйелі қасына келіп:
– Не боп қалды, қожайын? Халифа Омарға бір
нәрсе болды ма? – деп сұрады.
– Жоқ, одан да бетер. Дүние менің басыма
шүйлігуде, шаңырағыма азғырушы бүлік келді, – деп
әйеліне жағдайды айтты. Ол да бұл ақшаны қалаған
жеріне жұмсауға болатынын айтқаннан кейін, хазірет
Саид бұл қаржыдан бір тиын қалдырмай, кедей-
кепшікке садақа етіп таратып жіберді.
Ақшаларды тегіс таратып жібергеніне әйелі
ренжіңкіреп:
– Кішкене болса да өзіңе қалдырып, қажетімізге
жұмсасақ болмас па еді? – дегенде, хазірет Саид:
– Жәннаттың мәңгілік нығметтерін өткінші
дүниеде түгескім келмейді, – деп, өзінің ақыретке деген
сенімінің шынайылығын көрсеткен еді.