Previous Page  221 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 221 / 336 Next Page
Page Background

221

Саид ибн Әмир

“Жәннаттың мәңгілік нығметтерін өткінші дүниеде

түгескім келмейді”.

(Саид ибн Әмир)

Ардақты елшінің (с.а.с.) тәрбие мектебінен өткен

саңлақ сахабалар жүрген жерлерінде ел-жұрттың

бақыты үшін күш жұмсады. Екі дүниеде бақытқа

жетудің жолын іздеді. Аллаһтың разылығын алу

халықтың ризалығынан өтетінін жақсы білген сахаба-

лар өз бақыты үшін емес, өзгенің бақыты жолында өмір

сүрді. Мұны олар адамзаттың Ардақтысынан үйренді.

Өйткені, ол :

“Әрбірің малшыдай жауапкерсіңдер. Баршаң

да қарамағыңа жауаптысыңдар. Ел басшысы –

қарамағына жауапты. Ер адам – отбасының басшы-

сы. Ол отбасына жауапты. Әйел – ерінің меншігіне

жауапты. Қызметші – мырзасының мал-мүлкінің

басшысы, иелігіне жауапты. Әрқайсың жауапкер,

әрбірің қарамағыңа жауаптысыңдар”

205

, –

деп, әрбір

адамның өзіне берілген міндетін адал орындағанда

ғана қоғамның салауатты ғұмыр кешетінін айтқан еді.

Жанқияр сахабалар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өмірлік

дәстүрге айналдыруға тырысып бақты.

Осындай жарық жұлдыздардың бірі – Саид ибн

Әмир әл-Жумахи. Ол Хайбардың алынуына дейін Ис-

ламды қабылдап, Аллаһ елшісінің нұрлы дәріс алқасына

қосылды. Иман шәрбатына бас қойған Саид Меккедегі

205

Бухари, Жума, 11.